Қазақстанда белсенділік танытуға тыйым салынған экстремистік ұйымдардың тізімі жарияланды
Қазақстанда жақында орын алған лаңкестік әрекеттен кейін Мәдениет министрлігі осы елде белсенділік танытуына тыйым салынған экстремистік, лаңкестік 20 ұйымның тізімін жариялады.
«Фарс» хабар агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы, соның ішінде Ақтөбе мен Алматы қалаларындағы жуырда ел азаматтары мен тәртіп сақтау саласы қызметкерлерінің бірқатарының қаза тауып, жаралануына соқтырған лаңкестік оқиғалардан кейін Қазақстанның Мәдениет министрлігі елде белсенділік танытуға тыйым салынған лаңкестік ұйымдардың тізімін қайта жариялады.
2004 жылдың қазан айының 15 күнгі Қазақстанның Жоғарғы Сотының үкімі бойынша «әл-Қаида», «Шығыс Түркістан исламдық қозғалысы», «Өзбекстан исламдық қозғалысы», «Күрдістан ұлттық Конгресі» деген лаңкестік ұйымдардың жұмысына Қазақстанда тыйым салынған. Сонымен қатар «Асбат ал-Ансар», «Мұсылман бауырлар», «Талибан қозғалысы», «Бозгорд», «Орталық Азия мұджахедтерінің жамиғаты», «Лашкар-и-Таиба», «Әлеуметтік реформалар қоғамы» ұйымдарының жұмыстарына Қазақстан аумағында 2005 жылдың наурыз айының 15 күні тыйым салынғаны жарияланған болатын.
Қазақстан соттарының үкіміне сәйкес, сонымен қатар 2005 жылдың наурыз айының 28-нен 2015 жылдың қазан айының 15-не дейін осы елде «Хизб ут-тахрир», «АУМ Синрекё", «Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы», «Түркістан ислам партиясы», «Джунд-ал-Халифат», «Сенім. Білім. Өмір», «Ат-такфир уал-хиджра», «ДАИШ», «ан-Нусрат майданы» деген лаңкестік, экстремистік ұйымдарының жұмысына тыйым салынды.