Астанада Иран мен Ресей және Түркияның үшінші ортақ отырысы өтті
Астанада Сирия мәселесіне арналған келіссөздердің аясында Иран мен Ресей және Түркияның үшінші ортақ отырысы өтті.
ИРНА-ның мәліметі бойынша, Астанада жабық есіктердің артында өткен сириялық қарсылас топтар мен Сирия үкіметнің өкілдері отырысының бірінші кезеңі аяқталған соң дүйсенбі күні сириялық тараптардың келіссөздерін ұйымдастырушы ирандық, ресейлік және түркиялық делегациялар өздерінің үшінші ортақ отырысын өткізіп, сириялық келіссөздердің ортақ мәлімдемесінің қорытынды тарауларын талқылады.
БҰҰ-дағы Сирия өкілі әрі Астана келіссөздеріне қатысып отырған сириялық топтың басшысы Башар Джафари наразы топтарын негізсіз, арандатушы және шындыққа сай келмейтін мәселелерді көтергені үшін сынады. Башар Джафари дүйсенбі күні журналистердің алдында сөйлеген сөзінде: «Отырысқа қатысушылар қарсыластардың адамгершілікке жатпайын әрі жауапсыз уәждеріне таңғалды. Олар бұдан бұрын Джебхат ан-Носрат деп аталған Джебхат аш-Шам лаңкестік тобының Дамасктің солтүтік-батысындағы Вади Бардадағы қылмыстарын қорғайды. Олар Джебхат ан-Носраттың Сириядағы қылмыстарын қолдап, лаңкестердің суды ластау әрекеттерін ақтап, оларды іске асыруға рұқсат санайды. Наразылар Астанада өтіп жатқан сириялық топтардың келіссөздеріне күдік-күмән тудырып, Сирияның алты жылға созылған қақтығыстарын тоқтату талпыныстарын тығырыққа тіреуге әрекет жасауда»,- деді.