Қазақстанның 500-ден астам азаматы лаңкестік топтарға мүше
Шіл 18, 2017 17:28 Asia/Almaty
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 500-ден астам қазақтың елден тысқары жердегі содырлардың қосындарында екенін хабарлады.
Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев осы туралы: «Бұл адамдардың мақсаттары – лаңкестік әрекеттер жасау, экстремистік топтар құру және басқару, сондай-ақ, ұлттық мүдделерге зиян тигізу.
Лаңкестік ұйымдарға қосылу мақсатында елден шыққан адамдар сатқын саналатындықтан кейбіреулері азаматтықтан айырылады»,-деді.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың 11 шілдесінде лаңкестік топтарға мүше адамдар мен қылмыскерлерді азаматтықтан айыру заңына қол қойды.