Астанада ТМД елдерінің атом өнеркәсібі комиссиясының отырысы өтеді
Шіл 19, 2017 09:05 Asia/Almaty
ТМД елдерінің бейбіт мақсаттағы атом энергиясы комиссиясының арнайы отырысы шілде айының 19-21 күндері Қазақстанның бас қаласы Астанада өтеді.
Бұл отырысқа ТМД елдерінің атқарушы комитетінің мүшелері, атом энергиясын бейбіт мақсаттарда пайдалану істері жөніндегі комиссия өкілдері мен Қазақстан, Беларусь, Армения елдерінің энергетика министрліктері, Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығы мен "Росатом" компаниясы қатысып, атом қуатын пайдаланудың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы пікір алмасатын болады.