Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі ТМД одағы бас хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалды
(last modified Sun, 05 Mar 2023 12:51:37 GMT )
Нау 05, 2023 18:51 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі ТМД одағы бас хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалды

Қазақстан СІМ-нің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров: "Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ТМД одағы бас хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Сол себепті 7 наурызда Беларусь астанасы Минск қаласындағы осы одақтың резиденциясына аттанады",-деді.

Дәурен Абаев Қазақстанның басқа өкілі Бекетжан Жұмахановтың орнына тағайындалды.

Дәурен Абаев ұзақ жылдар бойы Қазақстанның Вице-Президенті және Ақпарат және даму министрі қызметін атқарған болатын.

ТМД Кеңес одағы ыдырағаннан кейін құрылды. Бұл одақты құру туралы мәлімдемеге 1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан мен Украина басшылары тарапынан қол қойылды.

Грузия екі жылдан кейін осы одаққа мүше болып кірді. ТМД одағы бюджетінің 70 пайыздан астамы Ресей тарапынан төленеді.