Қазақстанда ДАИШ лаңкестік тобының бірқатар мүшесі құрықталды
Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасары Сириядан қайтып оралған ДАИШ лаңкестік тобының бірқатар мүшесінің құрықталып, қамауға алынғанын хабарлады.
Нұрғали Білісбеков дүйсенбі күні Қазақстанның Министрлер кабинетінің отырысында: "Сирия мен Иракта ДАИШ лаңкестік тобы жеңіліс тапқаннан кейін осы топқа мүше болған қазақ содырлар Қазақстанға қайтып оралды. Қазақстанға оралған ДАИШ лаңкестік тобының 125 мүшесінен 57 содыр сотталып, түрмеге қамалды.
2013-2017 жылдар аралығында лаңкестікпен күрес туралы мемлекеттік бағдарламаны орындау үшін 98 млрд теңге (304,35 млн доллар) жұмсалды",- деді.
Орталық Азия аймағындағы лаңкестіктің пайда болуы әлемнің танымал аналитиктерінің назарынан тыс қалмады.
Халықаралық мәселелер бойынша сарапшы Элеонор Росс бұл туралы: "2014 жылы ДАИШ лаңкестік тобы құрылған соң Орталық Азияда экстремизмнің артуы туралы алаңдаушылық көбейді. Сондай-ақ, бұл аймақтың 4000-нан астам азаматы ДАИШ тобының қатарына қосылды",- деді.
Бір қарағанда Орталық Азияда экстремизмнің дамуы мен лаңкестік әрекетерді іске асыруға деген ықыластың соншалықты тамыр жаймағанын, аймақтағы радикализмнің қоғамдық және экономикалық қайшылықтардан туындап, үкімет пен қоғам қарым-қатынастарының бір түрі екенін білдіреді деген ой туады.
АҚШ зерттеушісі Фиона Хилл: "Экстремизм – Орталық Азияда ежелден келе жатқан мәселе. Оның тамыры патшалық және Бірінші Дүнежүзілік соғыстан кейінгі кезеңнен басталады. Алайда, соңғы жылдардағы лаңкестік әрекеттердің күшеюі ішкі мәселелер мен қоғамдық мәселелермен, сондай-ақ бөгде елдердің аймақтағы орналасуымен байланысты. Бұл мәселелер жастардың лаңкестік топтарға мүше болып кіруіне және өз әрекеттерін ақтайтын құралға айналуына себеп болды",- деді.
ДАИШ лаңкестік тобы құрылып, өзін халифат ретінде жариялаған соң, аймақ елдерінде лаңкестікке бет бұру үдерісі артты. Жастардың бет бұруына ДАИШ тобының кедейшіліктен қиындықтар көріп отырған адамдарға қаржылай қолдау көрсету мүмкіндіктері мен бұл елдердегі кедей азаматтардың проблемаларының көбін шешуге көмектесу туралы әртүрлі уәде беруі себеп болды.
Қазақстан да Орталық Азияның басқа елдеріне ұқсас жағдайымен, соның ішінде 5 пайыз жұмыссыздығы және 7 пайыз инфляциясымен экстремистердің артуына жағдай тудыруы мүмкін. Жастарды тәрбиелеумен бірге даму және кедейшілікті жою саласына инвестиция салу бұл елдердің азаматтарының лаңкестік топтарға қосылуының алдын алуға көмектесе алады.