Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шығыстану мамандығы бойынша республикалық олимпиада өтті
(last modified Thu, 05 Apr 2018 03:30:39 GMT )
Сәу 05, 2018 09:30 Asia/Almaty
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шығыстану мамандығы бойынша республикалық олимпиада өтті

Наурыз айының 29-30 күндері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында Шығыстану мамандығы бойынша республикалық олимпиада өтті.

Олимпиадаға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті және Абылай хан атындағы Әлем тілдері және халықаралық қатынастар университеттерінің студенттері қатысты. Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында араб және парсы тілдері бойынша білім сайысы өтті. Олимпиадада парсы тілі бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың студенттері парсы тілі, Иран мәдениеті мен тарихы бойынша өз білімдерін сынады. Олимпиада жұмысына Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Бас Консулдығы жанындағы Мәдени өкілдік де белсене араласты. Студенттердің жұмысына Иранның Алматыдағы Консулдығына қарасты  Мәдени өкілдігінің директоры Сейд Джалали Киасари, Шахид Бехешти университетінің оқытушысы, доктор Амир Ченари мен кафедраның оқытушылары қазылық етті.

Олимпиаданың соңғы күндері жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.

 

 

 

 

Тегтер