Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі төмендеді
(last modified Mon, 16 Jul 2018 18:53:23 GMT )
Шіл 17, 2018 00:53 Asia/Almaty
  • Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі төмендеді

Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті 2018 жылдың маусым айында бұл елде жұмыссыздық деңгейінің төмендегенін хабарлады.

«Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті өз есебінде өткен маусым айында бұл елде жұмыссыздық деңгейінің төмендегенін хабарлады. Осы есеп бойынша маусым айында 434000 адам жұмыссыз болып тіркелді. Маусым айының соңында жұмыспен қамту органдарында тіркелгендердің саны 149000 адамды құрады.

2018 жылдың мамыр айында халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай табысы 84206 теңгені құрады. Бұл мөлшер өткен жылдың мамыр айымен салыстырғанда 5,1 пайызға жоғары. Бірақ, халықтың кірісі бұл кезеңде 1,1 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, биылғы жылдың маусым айындағы бақылауға сай, қызметкердің орташа айлық жалақысы 163604 теңгені (477,8 долларды) құрады.

 

 

Тегтер