Қазақстан Каспий теңізі істері жөніндегі арнайы өкілін тағайындады
(last modified Wed, 03 Jul 2019 12:38:49 GMT )
Шіл 03, 2019 18:38 Asia/Almaty
  • Қазақстан Каспий теңізі істері жөніндегі арнайы өкілін тағайындады

Қазақстан Президенті Өкімімен Каспий теңізі істері жөніндегі арнайы өкілі қызметіне Зульфия Аманжолованы тағайындады.

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев өз Өкімінде Зульфия Аманжолованы  бұл елдің Каспий теңізі істері жөніндегі арнайы өкілі қызметіне тағайындады.   Қазақстанның Каспий теңізі істері жөніндегі арнайы өкілі қызметіне бекітілместен бұрын Зульфия Аманжолова бұл елдің Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі міндетін атқараған болатын.  

Қазақстанда өткен Каспий жағалауы елдерінің төртінші отырысынан бұрын З.Аманжолова ақпарат құралдарға берген сұхбатында аймақ мәселелерінің түрлілігіне тоқталып, Каспий теңізіне, табиғат пен қоршаған ортаға байланысты мәселелер, кеме қатынасы заңдары мен теңіз арқылы жүк тасымалдау, теңіздің құқылық мәртебесі мен қауіпсіздікпен қамтамасыз етуді маңызды мәселелер деп атады.

 

Тегтер