Лондонда Назарбаевтың немересінің соты басталды
Ұлыбританиялық ақпарат көздер Лондонда Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тұңғыш немересі Айсұлтан Назарбаевтың сотының басталғаны туралы хабарлады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Айсұлтанның заңсыз әрекеттеріне байланысты алдын ала сот тындалымы өтті. Айсұлтан Назарбаев есірткі қолданып, полицияға қарсылық танытқаны үшін айыпталып, қамауға алынды. Айсұлтан Назарбаев Қазақстан Парламенті Спикері Дариға Назарбаеваның перзенті. Ол Британия Корольдігі әскери академиясының түлегі. Осы кезде қамауда отырған Айсұлтан тағылған айыптарды мойындамады. Кейбір қазақстандық ақпарат құралдар, Айсұлтанның Лондн қаласында өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлады. Бірақ бұл мәліметтер расталмады.