Қазақстанда бір топ оппозиционер қамауға алынды
(last modified Mon, 02 Mar 2020 10:24:59 GMT )
Нау 02, 2020 16:24 Asia/Almaty
  • Қазақстанда бір топ оппозиционер қамауға алынды

Қазақстанда бір саяси белсендігінің уақытша изоляторда қайтыс болуына байланысты жексенбі күні наразылық шеруіне шыққан ондаған оппозиционер қамауға алынды.

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан полициясы жексенбі күні Алматыда наразылық шеруіне шыққан оппозиционерлерге шабуыл жасап, 66 адамды қамауға алды.  Бұл наразылық 42 жастағы бір саяси белсенді Дулат Ақәділдің уақытша изоляторда қайтыс болуына байланысты орын алды. Ол заңсыз шеруге қатысты деген айыппен ұсталған болатын.

Бұл оппозиционер дүйсенбі күні өз үйінде ұсталып, Нұр-Сұлтандағы уақытша изоляторға жеткізілген.

Қазақстан басшылары оның ұсталған мезгілде мас болғанын, сол себепті жүрегі ұстап қалғанын айтады. Алайда Дулат Ақәділді жақтаушылар бұл ұстанымды қабылдамай, елдің Ішкі істер министрі мен Қауіпсіздік кеңесінің таратылуын талап етіп отыр.

Қараша айында Дәулет Ақәділ түрмеден қашып, шу шығарған, бірақ екі күннен кейін қайта қамауға алынды.     

Тегтер