Қазақстан мен Жапония қарым-қатынастары кеңейюде
(last modified Wed, 21 Oct 2020 08:42:38 GMT )
Қаз 21, 2020 14:42 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Жапония қарым-қатынастары кеңейюде

Қазақстан мен Жапония сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесіп, екі елдің арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтуге байланысты маңызды мәселелерді талқылады.

Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді жапон әріптесі Тосимицу Мотэгимен стратегиялық серіктестіктің әлеуеті мен инвестициялық және технологиялық ынтымақтастыққа негізделген сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту, сондай-ақ бүкіл салалардағы өзара тиімді әрекетті жалғастыру туралы пікір алмасты. Қазақстан мен Жапония сыртқы істер министрлері 2020 жылдың тамызында бейнеконференция форматында өткен «Орталық Азия + Жапония» диалогы сыртқы істер министрлері отырысының нәтижелерін іске асырудың маңыздылығын қуаттады.  Қазақстан сыртқы істер министрі коронавируспен  күрес аясында жапон тарапының Қазақстанға көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғысын білдірді.