Қазақстан үкіметі отставкаға кетуге дайын
Қаң 13, 2021 18:32 Asia/Almaty
Қазақстан үкіметі отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.
Fars News ақпарат агенттігінің мәліметінше, Қазақстан үкіметі парламенттік және жергілікті кеңестерге сайлау аяқталған кезде отставкаға кетуге дайындалып жатыр. Қазақстан мәжілісінің төменгі палатасы мен кеңестеріне сайлау 10 қаңтарда өтті. Қазіргі премьер-министр Асқар Мамин парламенттік сайлауға Нұр-Отан партиясының 126 үміткерінің енгізілгенін жариялады. Парламенттік сайлауда 71,09 дауыспен Нұр-Отан партиясы жеңіске жетті. Қазақстанның Конституциясы бойынша, жаңа мәжіліс құрылардан бұрын министрлер кабинеті отставкаға кетеді.