Қазақстан Pfızer компаниясымен меморандумға қол қойды
(last modified Mon, 01 Feb 2021 11:16:10 GMT )
Ақп 01, 2021 17:16 Asia/Almaty
  • Қазақстан Pfızer  компаниясымен меморандумға қол қойды

Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцина сатып алу туралы меморандумға қол қойғанын хабарлады.

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов: «Коронавирусқа қарсы вакцина сатып алу үшін Pfızer компаниясымен меморандумға қол қойдық»,-деді.

Ерлан Қиясовтың айтуынша, вакцина 2021 жылдың екінші жартысында Қазақстанға жеткізілетін болады.

Қазақстан Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов: «Елде биологиялық өнімдерді өндіруді жергіліктендіруге 2-3 жыл кетеді»,-деді.

Бүгін Қазақстанның түкпір‑түкпірінде коронавирусқа қарсы«Спутник V» ресейлік вакцинасын егу басталды.

Қазақстанның Қарағанды фармацевтикалық компаниясы: «Ақпан айында коронавирусқа қарсы вакцинаның 112 мың дозасы, наурызда 150 мың, сәуірде 300 мың, маусымда 300 мың дозасы өндіріледі»,-деп мәлімдеді.

Тегтер