Нау 11, 2021 16:59 Asia/Almaty
  •   Қазақстан мен Қырғызстан заңсыз көші-қонға қарсы шаралар қолданады

Қазақстан парламентінің төрағасы Қырғызстанмен жасасқан жаңа келісімді заңсыз көші-қонға тосқауыл деп атады.

 

Сенаттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мигранттардың заңсыз кіруіне жол бермеу туралы келісім жобасы сәрсенбіде Қазақстан парламентінің ашық сессиясында мақұлданды.

Fars News агенттігінің хабарлауынша, Қазақстан парламентінің төрағасы Нұрлан Нығматулин: «Бұл келісім екі ел президенттерінің заңсыз көші-қонмен күресу туралы қол жеткізген келісімдерін жүзеге асыруға кепілдік береді», - деді. Сондай-ақ, Қазақстан Парламентінің төрағасы келісімде көрсетілген мәселелердің арасында ақпарат алмасу және қос азаматтықтың алдын алу саласындағы ынтымақтастықты арттыру  мәселелерді қуаттады.

 

Тегтер