Қазақстанның адам құқығына қатысты шаралары
(last modified Fri, 11 Jun 2021 11:18:44 GMT )
Маусым 11, 2021 17:18 Asia/Almaty
  • Қазақстанның адам құқығына қатысты шаралары

Қазақстан Президенті мемлекеттік органдарға адам құқығына қатысты шаралар жайлы бұйрық берді.

Қазақстан Президентінің адам құқығына қатысты бұйрығында БҰҰ мен Адам құқығы кеңесіне қарасты органдармен әріптестікті жақсарту, адам саудасы құрбандарының құқықтары мен мүгедек азаматтардың құқықтарын қорғау, әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою және бірлестіктердің бостандығы құқығын қолдау мәселелері айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, сондай-ақ,  адамның сөз бостандығы, тұрақты қоғамда өмір сүру құқығын қамтамасыз етуді елдегі тиісті органдардың басты міндеті деп атады.

Осы бұйрық бойынша, жыл сайын 25 қаңтарға дейін осы бұйрықты орындауға тиісті мекемелер Қазақстан Президентіне атқарылған шаралар туралы есеп беретін болды.

Тегтер