Тоқаев Қазақстанның Орта Азиядағы айрықша позициясын атап өтті
Қар 21, 2021 17:05 Asia/Almaty
Қазақстан Президенті елдің дипломатиялық ведомствосының қызметкерлерімен кездесіп, елдің Орта Азия аймағындағы позициясын жақсарту мәселесін көтерді.
Қасым-Жомарт Тоқаев осы жиналыста сөйлеген сөзінде Қазақстанның Орта Азиядағы көшбасшылық позициясын нығайтуды ел дипломаттарының басты міндеті деп атап, оған айрықша көңіл бөлу қажеттігін айтты.
Тоқаевтың айтуынша, Қазақстанның экономикасы Орта Азиядағы басқа елдердің экономикаларынан бірнеше есе артық және Еуразияда негізгі тасымал жолдарын байланыстыруда геостратегиялық позицияға ие.