БҰҰ Қазақстандағы оқиғаларды тәуелсіз тексеруге шақырды
https://parstoday.ir/kz/news/kazakhstan-i58212-БҰҰ_Қазақстандағы_оқиғаларды_тәуелсіз_тексеруге_шақырды
БҰҰ-ның Гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасы Қазақстандағы жақында болған тәртіпсіздіктерге шетелдік араласу туралы түсініктеме бермей, дереу, тәуелсіз және бейтарап тергеу жүргізуге шақырды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 12, 2022 20:48 Asia/Almaty
  • БҰҰ Қазақстандағы оқиғаларды тәуелсіз тексеруге шақырды

БҰҰ-ның Гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасы Қазақстандағы жақында болған тәртіпсіздіктерге шетелдік араласу туралы түсініктеме бермей, дереу, тәуелсіз және бейтарап тергеу жүргізуге шақырды.

IRNA-ның хабарлауы бойынша, БҰҰ сайты: «БҰҰ-ның тәуелсіз сарапшылары сәрсенбі күні Қазақстан билігін күш қолдануды тоқтатуға шақырды. БҰҰ Қазақстан үкіметін оқиғаларда қауіпсіздік күштерін қалай пайдаланғаны туралы адам құқықтары стандарттарына негізделген тәуелсіз тергеу жүргізуге шақырды»,- деп жазды.  БҰҰ мәліметі бойынша, Қазақстандағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген айыппен 10 мыңға жуық адам қамауға алынған және қаза тапқандар саны 164-ке жетті.