Қазақстан Еуропарламент қарарына реакция білдірді
(last modified Sat, 22 Jan 2022 13:27:35 GMT )
Қаң 22, 2022 19:27 Asia/Almaty
  • Қазақстан Еуропарламент қарарына реакция білдірді

Қазақстандағы салыстырмалы тыныштықтың орнатыдуы Батыс үкіметтерімен байланысы бар халықаралық ұйымдарға Қазақстанның ірі қалаларындағы жуырдағы халық наразылығын сылтауратып, Нұр-Сұлтан үкіметін дағдарысқа тіреуге мүмкіндік берді.

 

Сұйытылған мұнай газы бағасының екі есеге қымбаттағаны туралы хабардан бір күн өткен соң, яғни 2 қаңтарда Қазақстанның ірі қалаларында жаппай наразылық шерулері басталды. Наразылықтың алғашқы күндерінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдымен үкімет кабинетінің отставкасын қабылдады және бағаны көтеруден бас тартты. Бұл шешімге қарамастан Қазақстанда халық наразылығы жалғасты. Мыңдаған наразылық білдірушілер мен полицияның қаза табуы мен жарақатталуымен бірге, Қазақстанның үкіметтік ғимараттарына да көп шығын келтірілді. Көліктер   сұйытылған газы бағасының көтерілуіне байланысты негізі наразылықтар үшінші күні аяқталуы керек еді, бірақ он күнге созылды. Наразылықтардың жалғасуынан Қазақстан Президенті Ресей мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан көмек сұрауға мәжбүр болды. Осы мәселе Қазақстанның ішкі істеріне шетелдіктердің араласуы туралы болжамдарды күшейтті. Наразылық тудыруда Батыс үкіметтерінің, әсіресе, Қазақстанға ықпалы шамалы Ұлыбритания мен АҚШ-тың үлкен рөл атқарғанын ескермеуге болмайды. Ресейді әлсірету үшін бұл елдер Қазақстанда түрлі-түсті төңкеріс жасауды армандайды. Осыған байланысты Қазақстандағы кейбір үкіметтік ақпарат көздері Түркияның Орталық Азиядағы ең үлкен мемлекетке  қарсы жобаларға қатысуын және Қазақстандағы халық наразылығында Батыс үкіметтеріне көмектесуіне шынайы көңіл бөлді.  Шетелдіктердің айқын араласуы мен Қазақстандағы саяси билікті басып алуға, тіпті елде төңкеріс жасауды жоспарлауға тырысқанына қарамастан, Еуропарламент Қазақстандағы, әсіресе Алматы қаласындағы таяуда болған тәртіпсіздіктерге қатысты қарар қабылдап: «Жергілікті басшылар Ресей әскерлерінің Қазақстанға кіруіне әкеліп соқтырған көптеген өрескел заң бұзушылықтарға жол берді»,- деп жарилады.

Қарарға жауап ретінде Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасап, Еуропарламенттің қарарын біржақты және шындыққа жанаспайтын деректерге негізделген деп бағалады. Еуропарламенттің қарары қабылданып, Қазақстандағы жергілікті басшыларының әрекетіне күмән келтіргенімен, төңкеріс жасау және  Қасым-Жомарт Тоқаевтың  заңды үкімет  құру  талпыну мәселесі  мүлдем  назардан тыс қалды. Еуропарламенттің Қазақстанның ірі қалаларындағы жуырда болған наразылық шерулері  туралы қарарының Нұр-Сұлтан билігінің кейбір қарсыластарының төңкеріс жасамақ болғанын ресми түрде мойындаған жағдайда шыққанын айта кеткен жөн.

Тегтер