АҚШ Сенаты президенттің соғыс өкілеттіктерін қысқарту туралы қарарды қабылдамады
ParsToday - Дауыс беру нәтижелеріне сәйкес, АҚШ сенаты Конгресстің рұқсатынсыз америкалық күштердің Иранға қарсы соғысқа қатысуына тыйым салатын қарарды қабылдамады.
ParsToday агенттігінің Иран студенттері ақпарат агенттігіне (ISNA) сілтеме жасап хабарлауынша, АҚШ президентінің соғыс өкілеттіктерін қысқарту туралы қарардың АҚШ Сенатында қабылданбауы Дональд Трамптың Иранға қарсы қоқан-лоққы риторикасынан бірнеше сағат өткен соң орын алды.
Дауыстарды санау көрсеткендей, АҚШ сенатының 53 мүшесі қарарға қарсы, 47-сі қолдау дауыс берген.
Демократиялық сенатор Тим Кейн ұсынған қарар «Конгресс рұқсат етпеген Иран Ислам Республикасына қарсы шабуылдардан АҚШ қарулы күштерін шығаруды» көздейді.
Сондай-ақ Конгресстің АҚШ Конституциясы бойынша соғыс жариялау құқығы бар жалғыз мекеме екендігі және елдің басқаларға қарсы операцияларға кез келген әскери қатысуы Конгреске хабарлауды, қоғамдық талқылауларды және дауыс беруді талап ететіні баса айтылды.