Бандар Аббастағы Қазақстан консулдығының жаңа консулы таныстырылды
https://parstoday.ir/kz/news/kazakhstan-i58508-Бандар_Аббастағы_Қазақстан_консулдығының_жаңа_консулы_таныстырылды
Берік Садықов Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббас қаласындағы Қазақстан консулдығының жаңа консулы болып таныстырылды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Қаң 25, 2022 20:04 Asia/Almaty
  • Бандар Аббастағы Қазақстан консулдығының жаңа консулы таныстырылды

Берік Садықов Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббас қаласындағы Қазақстан консулдығының жаңа консулы болып таныстырылды.

Иран Сыртқы істер министрлігі делегациясының басшысы сейсенбі күні Бандар Аббастағы  Қазақстан консулдығының жаңа консулы Берік Садықовпен кездесіп: «Иран Сыртқы істер министрлігінің өкілдігі мен Қазақстанның Бандар-Аббастағы консулдығы екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуда рөл атқара алады. Иранның Бандар Аббасы мен Қазақстанның Ақтауы сауда палаталары арасындағы байланысты одан әрі дамыту керек. Қазақстанның жаңа консулы: «Хормозган  мен  Маңғыстау әкімдері арасындағы экономикалық ынтымақтастық консулдық жоспарларының басымдылығы болып табылады.