Қазақстанда қауіпсіздік органдарының құрылымы өзгереді
(last modified Mon, 31 Jan 2022 15:55:47 GMT )
Қаң 31, 2022 21:55 Asia/Almaty
  • Қазақстанда қауіпсіздік органдарының құрылымы өзгереді

Қазақстан Президенті қаңтар наразылықтарына ұқсас оқиғалардың алдын алу үшін елдегі мемлекеттік және қауіпсіздік органдардың құрылымына өзгеріс енгізуді тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің отырысында: "Қауіпсіздікті сақтау міндетін мойнына алған барлық құрылымдардың жұмысы оңтайландырылып, олардың арасында әріптесу және үйлестіру жұмыстары барынша артуы тиіс",-деді.

Қазақстан Президенті әрі Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, сондай-ақ қауіпсіздік және барлау салаларына қатысты барлық органдардың қарым-қабілетін арттыруға қажетті шараларды тез арада атқаруға бұйрық берді.

Бұдан бұрын Қазақстан Парламентігінің Сенат палатасы бір заңға түзетулер енгізіп, елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесі мен Халық ассамблеясын мәңгі басқару туралы өкілеттігінің күшін жойған болатын.

Жылдың басында сұйытылған газ бағасының екі есе өсуі Қазақстан халқының наразылыққа шығуына себеп болды. Наразылық акциялары біртіндеп қатыгездік пен талан-таражға ұласты. Ақырында Қазақстан Президентінің өтінішімен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қарасты бітімгер күштер келгеннен кейін елде тыныштық орнады.

Тегтер