Қазақстан Ресей-Украина келіссөздерін өткізуге дайын екенін мәлімдеді
Қазақстан Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс пен әскери қақтығысты тоқтату үшін келіссөздерді өткізуге дайын екенін жариялады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясының алтыншы күні Ресей мен Украина делегациялары кеше, дүйсенбі күні Белорустің Гомель қаласында дау-дамайдан кейін кездесті. Ресей делегациясы Украинаның қарусыздануын Киевпен келісімге келудің шарты ретінде қойды. Украина президенті Владимир Зеленский де Ресеймен келісімге келу үшін тез арада атысты тоқтатып, Ресейді әскерін Украинадан шығаруға шақырды.
Fars News агенттігінің мәліметінше, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді сейсенбі күні елінің Ресей мен Украина шиеленісі мен соғысын тоқтату үшін олардың арасында келіссөздерді өткізуге қажетті жағдайды қамтамасыз етуге дайын екенін мәлімдеді. Тілеуберді Ресей мен Украинаны Қазақстанға достас елдер деп атап: «Егер екі жақ келіссе, біз келіссөздер алаңын ұсынуға дайынбыз»,- деді.