Қазақстан күштерінің Украинаға жіберілгені туралы ақпарат теріске шығарылды
Нау 04, 2022 00:06 Asia/Almaty
Қазақстан Қорғаныс министрлігі қазақ күштерінің Украинадағы соғысқа қатысу үшін жіберілгені туралы ақпаратты теріске шығарды.
Fars ақпарат агенттігінің Душанбеден хабарлауынша, stopfake.kz сайты Қазақстан Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап: "Қазақстан күштерінің Украинамен соғысқа тартылып, əскери техника осы елдің батысы мен шығысына жеткізілгені туралы əлеуметтік желілерде таралған ақпарат жалған. Мұндай жалған ақпараттың таралуына Қазақстанның ішінде əскери құрал-жабдықтардың тасымалдануы себеп болған",-деді.
Қазақстан Қорғаныс министрлігі əскери құрал-жабдықтардың тасымалдануын алдын ала жоспарланған əскери жаттығу деп атады.
Тегтер