Қазақстанның Әзірет Сұлтан мешітінде Наурыз мейрамы тойланды
Қазақстанның астанасындағы Әзірет Сұлтан мешітінде Наурыз мейрамы тойланып, түрлі мәдени және спорт бағдарламалары орындалды.
Наурыз – көне ирандық мейрам. Ол әлемнің кейбір елдерінде жыл басы саналады.
Fars ақпарат агенттігінің Душанбеден хабарлауынша, бұл рәсімге Қазақстанның бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жақанов және басқа да діни-қоғамдық қайраткерлер қатысты.
Қазақстан астанасындағы әйелдер қауымы ұлттық тағамдар мен тәтті-дәмділер пісіріп, Наурыз дастархандарын жайып, қонақтарды күтті. Сондай-ақ, мерекелік шара аясында Қазақстанның бас мүфтиі балаға азан айтып ат қою, оның тәні мен жанының саулығын тілеп дұға жасау рәсімін өткізді.
Сондай-ақ, қазақтың дәстүрлі күйлері орындалып, жарыстардың жеңімпаздарына сыйлықтар табысталды.