Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанның мұнай экспортына әсер етіп жатыр
Батыстың Ресейге қарсы санкциялары Қазақстанның мұнай экспортына әсер етіп жатыр.
Батыс елдерінің Украина соғысын сылтауратып Мәскеуге қарсы салған санкцияларының басқа елдерге салдары таусылар емес. Бұл санкциялар Қазақстанның мұнайдан түсетін табысына да әсер етіп отыр.
Қазақстанның «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы Ресей құбыры арқылы экспортталатын мұнайын жеңілдікпен сатуға мәжбүр болып отыр.
«Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы Украина соғысынан кейін Ресейге салынған санкциялар салдарынан шығындар артып, табыстың азайғанына байланысты осындай шешім қабылдады.
Ресейге тиесілі CPC құбыр желісі осы елдің мұнайымен қоса, Қазақстанның «Теңіз» кенішінен өндірілетін мұнайдың үштен екісін Қара теңіз жағалауындағы экспорттық терминалға жеткізеді.