Қазақстан Президенті Иранға келді
https://parstoday.ir/kz/news/kazakhstan-i61896-Қазақстан_Президенті_Иранға_келді
Қазақстан Президенті Иран басшыларымен кездесіп, кеңесу үшін Теһранға келді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Маусым 19, 2022 08:10 Asia/Almaty

Қазақстан Президенті Иран басшыларымен кездесіп, кеңесу үшін Теһранға келді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ИИР Президенті Ибрахим Раисидің шақыруымен біркүндік ресми сапармен Теһранға келді. 

Ибрахим Раисидің Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рəсімі қазір Саадабад кешенінде өтеді. 

Тоқаевтың Теһран сапарында жоғары сатыда екіжақты келіссөздер өткізіліп, бірқатар үкіметаралық құжатқа қол қойылады деп күтілуде.