Қазақстан Транскаспий бағытын қайта қарастыруда
(last modified Sat, 09 Jul 2022 14:12:03 GMT )
Шіл 09, 2022 20:12 Asia/Almaty
  • Қазақстан Транскаспий бағытын қайта қарастыруда

Каспий теңізі елдері басшыларының Ашхабадта өткен алтыншы саммитінен кейін және Әзірбайжан мен Қазақстан сияқты елдердің қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ақша жұмсау жөніндегі міндеттемелерінен кейін Транскаспий деп аталатын жобаны жүзеге асыру тағы кейбір жағалаудағы үкіметтердің күн тәртібіне қойылды.

 

Қазақстандағы мұнай құбырларынан мұнайдың төгілуі  қоршаған ортаға зарддап келтіргеннен кейін, Ресейде сот Қазақстан мұнай компаниясындағы ресейлік консорциумының қызметін 30 күнге тоқтатты. Қазақстан  мұнай экспортында үзіліс орын алғаннан  кейін  Нұр-Сұлтан үкіметі балама жоспарлар ұсынбақ. Осыған байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай экспорты үшін Транскаспий деп аталатын бағытқа басымдық берді. Қазақстан мұнайының экспортында бір айлық үзіліс орнаған жағдайда Нұр-Сұлтан үкіметі мұнай экспортын жалғастыру үшін  жылдар бойы Каспий теңізіндегі саяси жоба ретінде ұсынылып келе жатқан Транскаспий деп аталатын американдық-еуропалық жобаға балама жол ретінде басымдық беруге тырысты. Соңғы жиырма жылда АҚШ пен Еуропа Одағының кейбір басшылары Иран мен Ресейді оқшаулап, саяси талаптарын бір қадам алға жылжыту үшін Транскаспий жобасын ұсынып, екі есе күш жұмсады. Әзірбайжан, Түрікменстан және Қазақстан Транскаспий жобасын қолдаушылар, бірақ Иран мен Ресей бұл жоспарға әрқашан қарсы болды. Теһран мен Мәскеу билігінің пікірінше, әлемдегі ең үлкен көлдің экологиялық зияны салдарынан Транскаспий жобасы  іске асыруға келмейді. Осыған қарамастан, Әзірбайжан мен Қазақстан басшылары Ашхабадта өткен Каспий елдері басшыларының алтыншы саммитінде Каспий теңізінің экологиясына қажетті шығындарды жұмсау бойынша қажетті міндеттемелермен Транскаспий жобасын жүзеге асыруға талпынды. Жақында Каспий мәселелері бойынша қазақстандық сарапшы  Әлия Боранбаева ханым коронавирустан кейінгі дағдарысты еңсерудегі Транскаспий дәлізінің рөлінің маңыздылығына тоқталып, мақаласында: «Транскаспий жобасы Орталық Азия мен Каспий теңізі секторындағы Novin Abrism жол жобасына бәсекелес және балама ретінде пайдаланылуы мүмкін»,- деп жазды. Әрине Транскаспийлік жоспар деп аталатын жоба Каспий теңізінде шетелдіктердің болуы үшін қажетті алаңдарды қамтамасыз етеді.  Каспий теңізі жағалауындағы бес елдің басшылары Ашхабад саммитінің қорытынды мәлімдемесінде бұл су кеңістігінде шетелдіктердің болмауын қуаттады.