Иран елшісі Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрімен кездесті
Иранның Қазақстандағы елшісі мен Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі кездесуде Каспий теңізінің қоршаған ортасын талқылады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Маджид Сабер және Серікқали Брекешевтың кездесуінде екі елдің қоршаған ортаны қорғау, әсіресе Каспий теңізінің экологиясы, тау-кен саласындағы бірлескен іс-шаралар, геологиялық барлау жұмыстары, жүзеге асырылып жатқан бірлескен жобалар мен техникалық және инжинирингтік қызметтер саласындағы екіжақты және аймақтық қарым-қатынастары қарастырылды.
Бұл кездесуде Иранның Қазақстандағы елшісі ирандық компаниялардың тау-кен өнеркәсібі, су ресурстарының әртүрлі салаларында жүзеге асырып жатқан кейбір жобаларына тоқтала отырып, ирандық компаниялардың осы салалардағы мүмкіндіктерін көбірек таныстырып, Қазақстан тарапынан көбірек ирандық компаниялардың қолдауын сұрады.
Серікқали Брекешев сондай-ақ Қазақстан үкіметінің табиғи ресурстар, тау-кен өнеркәсібі және жүзеге асырылып жатқан ұлттық жобалар саласындағы саясатын түсіндіру арқылы ирандық техникалық және инженерлік компаниялардың Қазақстанда болуы мен қызметін құптады.