Қазақстан астанасына коронавирусқа байланысты шектеулер қайтарылды
https://parstoday.ir/kz/news/kazakhstan-i62664
COVID-19 жұқтырғандар санының артуы Қазақстанның астанасында профилактикалық ережелерді қалпына келтіруге әкелді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 23, 2022 20:30 Asia/Almaty
  •  Қазақстан астанасына коронавирусқа байланысты шектеулер  қайтарылды

COVID-19 жұқтырғандар санының артуы Қазақстанның астанасында профилактикалық ережелерді қалпына келтіруге әкелді.

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырған 2654 жаңа адам анықталды.  804 науқаспен Алматы қаласы мен 797 жаңа науқаспен Нұр-Сұлтан қалаларының жағдайы басқа өңірлерге қарағанда нашар.

Fars news ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Нұр-Сұлтан қоғамдық денсаулық сақтау ұйымының басшысы Қазақстанның астанасында коронавирус ауруына шалдыққандар санының артуына байланысты бүгін сенбіден бастап коронавирусқа қатысты шектеулерді сақтау міндетті екенін мәлімдеді. Нұр-Сұлтан тұрғындарына қоғамдық орындарда бетперде киюге кеңес берілді. Оқу орындарына да жиындарды азайту талап етілді.