Қазақстан Энергетика министрі: Қазақстан мұнайын Әзірбайжан арқылы тасымалдау жоспарда жоқ
Там 14, 2022 19:22 Asia/Almaty
Қазақстан Энергетика министрі 1,5 млн тонна мұнайды Ресейді айналып өтіп, Баку-Тбилиси-Джейхан жолы арқылы жіберетіні туралы қауесеттерді теріске шығарды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Болат Ақшолақов: "Қазақстан өз мұнайын Баку-Тбилиси-Джейхан жолы арқылы тасымалдау туралы келісімшартқа қол қойған жоқ",-деді.
Ақшолақов Нұр-Сұлтан үкіметінің биыл қыркүйектен бастан өз мұнайын Әзірбайжан құбыры арқылы тасымалдайтыны туралы: "Қазақстан мен Ресейге ортақ Каспий құбыр желісі консорциумы – экономика тұрғысынан мұнай тасымалдау үшін ең тиімді жол. Оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету – негізгі мақсаттарымыздың бірі",-деді.
Тегтер