Қазақстан астанасының атауы өзгерді
(last modified Sun, 18 Sep 2022 11:32:18 GMT )
Қыр 18, 2022 17:32 Asia/Almaty
  • Қазақстан астанасының атауы өзгерді

Қасым-Жомарт Тоқаев жарлыққа қол қойып, Қазақстан астанасының атауын "Нұр-Сұлтаннан" қайта "Астана" деп ресми түрде ауыстырды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде ел конституциясының кейбір бабына өзгеріс енгізу туралы заңды бекіткенін айтты.  

Сондай-ақ Қазақстан Президентінің өкілеттік мерзімі 5 жылдан 7 жылға артып, бір кезеңмен шектетілді.

Қазақстан астанасының атауы 2019 жылы наурыз айында сол кездегі басшы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне "Нұр-Сұлтан" деп өзгертілген болатын.

Заңның алғынұсқасы жұма күні Қазақстан Парламентінде мақұлданып, ел Президенті қол қойғаннан кейін өз күшіне енді.