Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі түрмеге қамалды
Қыр 29, 2022 18:34 Asia/Almaty
Қазақстанның елордасы Астананың қалалық соты үкім шығарып, осы елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісін 6 жыл ақша жымқырды деген айыппен түрмеге қамады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Астана қаласының Байқоңыр ауданының сот төрағасы Нұрлан Баяхметов сондай-ақ Қайрат Сатыбалдының мүлкін тəркілеп, оны 10 жылға мемлекеттік қызметтен шеттетті.
Қайрат Сатыбалды сотта өзіне тағылған айыпты мойындады.
Жалпы бұл істе 5 күдікті бар еді. Тергеу барысында олардан 500 млн доллардан аса сома қайтарылды.