Мохбер: Иран мен Қазақстан өзара сауда айналымын 3 млрд долларға жеткізе алады
(last modified Fri, 07 Oct 2022 11:02:57 GMT )
Қаз 07, 2022 17:02 Asia/Almaty
  • Мохбер: Иран мен Қазақстан өзара сауда айналымын 3 млрд долларға жеткізе алады

Иран Вице-президенті Иран мен Қазақстанның əріптестік əлеуетін екі елдің қазіргі қатынас деңгейінен əлдеқайда жоғары деп атады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Мұхаммед Мохбер бейсенбі күні Мəскеуде II Каспий экономикалық форумы аясында Қазақстан Премьер-министрі Əлихан Смаиловпен кездесуінде: "Қолда бар əлеуеттерді ескере отырып, Теһран мен Астана арасында сауда айналымы көлемін тез арада 3 млрд долларға  жеткізуге болады",-деді.

Иран Вице-президенті: "Қазақстан Президентінің Иранға сапарында екі елдің мемлекеттік секторында 10 құжат, жеке секторында 11 құжатқа қол қойылды. Бұл екі елдің қарым-қатынасында бетбұрыс нүктесі болды",-деді. 

Мохбер Иранның тау-кен саласында жұмыс істейтін компанияларды Қазақстанға жіберуге дайын екенін айтып: "Теһран Астанамен айлақ, бөгет салу, су электр стансасын салу, іргелі ғылымға негізделген өндіріс жəне инженерлік-техникалық қызмет көрсету салаларында əріптестік жасауға дайын",-деді.

Иран Вице-президенті сондай-ақ өзара сауда қатынаста екі елдің ұлттық валюталарын пайдалану керегін айтып: "Иран мен Қазақстан басшыларының қалауы - екі елдің қарым-қатынасын дамыту",-деді.

Əлихан Смаилов та Иран Вице-президентінің ұсынысын қолдап: "Екі елдің əлеуеттері өзара сауда айналымы деңгейін жоғарылатып, оны жылына 3 млрд долларға жеткізуге жағдай жасай алады",-деді.

Тегтер