Қазақстан мен Еуразиялық одақ арасындағы сауда айналымы 17 миллиард долларға жетті
Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдермен өзара саудасы ағымдағы жылдың 8 айында 5 пайыздық өсіммен 17 миллиард долларға жетті.
Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында: «Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы белсенді іс-қимылдар өзара сауда-өнеркәсіптік кооперацияны кеңейтуге, көліктік логистиканы дамытуға және халық пен сауданың басқа да өзекті мәселелеріне байланысты міндеттерді үздіксіз және жүйелі түрде шешу мүмкіндігін қамтамасыз етеді»,- деді. Смайыловтың айтуынша, жалпы алғанда, аталған одақ құрылғаннан бері Қазақстан оған мүше елдеріне өңделген өнім экспортын 64 пайызға арттырған және уақыт өте келе өнім ассортименті түпкілікті тауарлар пайдасына кеңейеді.