Қасеми: Иран мен Қазақстан арасындағы транзиттік тауар көлемі төрт есеге артады
(last modified Mon, 31 Oct 2022 15:04:26 GMT )
Қаз 31, 2022 21:04 Asia/Almaty
  • Қасеми: Иран мен Қазақстан арасындағы транзиттік тауар көлемі төрт есеге артады

Иранның Жол және қала құрылысы министрі Қазақстанмен екі ел арасында транзиттік тауар көлемін жылына 1 млн тоннадан 4 млн тоннаға жеткізу туралы меморандумға қол қойылғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иранның Жол және қала құрылысы министрі Рустам Қасеми дүйсенбі күні Теһранда Қазақстанның Сауда министрі әрі Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғаринмен ортақ отырыс өткеніне тоқталып: "Екі ел тасымал және транзит саласында әріптестікті арттыру туралы меморандумға қол қоюға келісті. Онда үш маңызды мәселе – кеден істерін цифрландыру, тарифтерді бірыңғайлау және ирандық жүргізушілер мен саудагерлерге виза беру қарастырылатын болады",-деді.

Қасеми Иран мен Қазақстан арасындағы транзит көлемінің жылына 1 млн тоннаны құрайтынын айтып: "Бүгін қол қойылған меморандум бойынша екі ел арасындағы транзит көлемін жылына 1 млн тоннадан 4 млн тоннаға жеткізу көзделіп отыр",-деді.

Қазақстанның Сауда министрі әрі Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Иранмен ортақ отырыста тасымал, транзит пен логистика саласында өзара техникалық әріптестікті жандандыру туралы келісілгенін айтып: "Екі ел Иран, Түрікменстан мен Қазақстан арасындағы транзит мәселелерін шешу және кедергілерді жою үшін жол картасын дайындауға келісті",-деді.