Қазақстан мен Ресей басшылары өзара экономикалық ынтымақтастықты кеңейту керегін қуаттады
Қаң 22, 2023 17:53 Asia/Almaty
Қазақстан мен Ресей басшылары екі ел арасында экономикалық ынтымақтастықты кеңейту керегін баса айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесіп, экономикалық ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады.
Қазақстан Президенті аппаратының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Ресей басшыларының телефон арқылы сұхбатында екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің маңызды мәселелері, сауда-экономикалық және энергетикалық ынтымақтастықты арттыру тақырыбы талқыланды.
Екі ел басшылары экономиканың басқа салаларында да әріптестікті одан ары дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Тегтер