Қазақстанда мерзімінен бұрын сайлау өтеді
Теһрандағы Қазақстан елшілігі: "Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын мерзімінен бұрын сайлау 2023 жылы 19 наурызда өтеді",-деп мәлімдеді.
IRNA ақпарат агенттігінің Қазақстан елшілігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы 19 қаңтарда мерзімінен бұрын сайлау өтетінін жариялап, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарды таратты.
Бұдан кейін Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы сайлауды 19 наурызға белгіледі.
Қазақстан Президентінің айтуынша, Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын мерзімінен бұрын сайлау конституцияға сәйкес келеді. Бұл шешімді Қазақстан азаматтары референдум арқылы қолдады.
Осы уақытқа дейін Қазақстанда өтетін сайлауға 12451 үміткер тіркелді. Солардың ішінде 716 адам Мәжіліске, 11735 адам мәслихаттарға үміткер болып отыр.