Сионистердің Әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылына Қазақстан Сыртқы істер министрлігі реакция білдірді
(last modified Tue, 11 Apr 2023 12:55:15 GMT )
Сәу 11, 2023 18:55 Asia/Almaty
  • Сионистердің Әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылына Қазақстан Сыртқы істер министрлігі реакция білдірді

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сионистік режимнің әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылына реакция білдірді.

Fars news агенттігінің хабарлауынша,  Айбек Смадияров: «Қазақстан әрқашан толеранттылық пен конфессияаралық диалогты нығайтуды жақтайды және Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес Таяу Шығыс проблемасын бейбіт жолмен шешуге бағытталған халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін табанды түрде қолдайды. Қазақстан әл-Ақса мешітіндегі діндарларға жасалған шабуылдан кейін Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюіне алаңдаулы»,- деді.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы саяси және діни жетекшілерден қасиетті Рамазан және Пасха айы кезінде шиеленісті азайтуға бар күш-жігерін салуды сұрады.

Тегтер