Сионистердің Әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылына Қазақстан Сыртқы істер министрлігі реакция білдірді
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы сионистік режимнің әл-Ақса мешітіне жасаған шабуылына реакция білдірді.
Fars news агенттігінің хабарлауынша, Айбек Смадияров: «Қазақстан әрқашан толеранттылық пен конфессияаралық диалогты нығайтуды жақтайды және Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің қарарларына сәйкес Таяу Шығыс проблемасын бейбіт жолмен шешуге бағытталған халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін табанды түрде қолдайды. Қазақстан әл-Ақса мешітіндегі діндарларға жасалған шабуылдан кейін Таяу Шығыстағы шиеленістің күшеюіне алаңдаулы»,- деді.
Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы саяси және діни жетекшілерден қасиетті Рамазан және Пасха айы кезінде шиеленісті азайтуға бар күш-жігерін салуды сұрады.