Қазақстан Иранмен астық экспорттау терминалын салу бойынша кеңесуді жалғастыруда
(last modified Sat, 15 Apr 2023 10:08:39 GMT )
Сәу 15, 2023 16:08 Asia/Almaty
  • Қазақстан Иранмен астық экспорттау терминалын салу бойынша кеңесуді жалғастыруда

Қазақстан Парсы шығанағы жағалауында астық экспорттау терминалын салу үшін Иранмен кеңесуді жалғастыруда.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев кеше жұма күні қазақстандық компаниялардың Ирандағы Парсы шығанағы жағалауында экспорттық полюс салу жөніндегі келіссөздерінің жалғасып жатқанын хабарлады. Ол  Астананың Бандар-Аббаста терминал салуды көздеп отырғанына тоқталып,  бұл терминалдың іске қосылу мерзімін 2025 жылы жариялап, терминалдың құрылысы қазақстандық Semurg Invest компанияға тапсырылғанын айтты. Қарабаев бұл бағдарламаны жүзеге асыру мақсатын Қазақстаннан тауар шығарудың бір жолы ретінде жариялап, компанияның Каспий теңізінің шығыс жағалауында «Саржа» көпфункционалды терминалын орнатуға да атсалысатынын айтты. Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің айтуынша, жеке сектор Иранның терминалынан елдің өнімдерін әлемнің түкпір-түкпіріне жөнелту мақсатында осы елде экспорттық хаб құруға тырысуда. Қарабаев: «Шахид Раджаи және Амирабад порттарындағы терминалдарды бірлесіп пайдалану бойынша келіссөздер жүргізу жауапкершілігі Semurg Invest компаниясына жүктелді»,- деді.