OPEC+ елдерімен бірге Қазақстан да мұнай өндірісін азайтады
Сәу 16, 2023 18:11 Asia/Almaty
Қазақстан OPEC+ елдерімен бірге 2023 жылы мамыр айынан бастап мұнай өндірісін азайтады.
Қазақстан үкіметінің мұнай өндірісін азайтуға шешім қабылдауы қара алтынның бағасын көтеру үшін жасалып отыр. Сол себепті Қазақстан мұнай өндірісін күніне 78 мың баррельге азайтады.
Қазақстанның Energy monitor қоғамдық қорының жетекшісі Нұрлан Жұмағұлов: "Қазіргі таңда мұнай нарығына ұсыныс сұраныстан күніне орташа есеппен 2 млн баррельге артық",-деді.
Қазақстандағы энергетикалық сарапшы Алмас Әбілдаевдың айтуынша, мұнай бағасының төмен болуы OPEC+ елдерін осындай шешім қабылдауға мәжбүрлеп отыр.
Тегтер