Раиси: Иран мен Сирияның қазіргі жағдайы екі ел қарсыласуының дұрыс екенін көрсетті
Иран Президенті сириялық әріптесімен өткен ортақ баспасөз отырысында америкалықтардың Иранға қарсы барынша қысым саясатының сорақы жеңіліске ұшырағанын мойындағанын айтып: "Иран мен Сирияның қазіргі жағдайы екі елдің қысымдарға қарсыласуының дұрыс болғанын көрсетті",-деді.
Раиси сәрсенбі күні Сирия Президенті Башар Асадпен ортақ баспасөз отырысында: "Сирия халқының АҚШ пен Батыс елдері және аймақтағы кейбір елдердің қолдауымен осы елді бөлшектеп, үрей тудыруға тырысқан тәкфирлік және сепаратистік топтардың іс-әрекеттері мен қоқан-лоққыларына қарсы тұрып келе жатқанына алғыс айтып, мадақтау керек",-деді.
Раиси: "Сирия халқы осы елдің құрметті Президенті мен үкіметінің қырағы басқаруының арқасында лаңкестікке қарсы тұрып, төтеп берді. Сирия халқы мен үкіметінің табандылығын мадақтау керек",-деді.
Раиси: "Әскери алаңда өздерінің сұрқия мақсаттарына жете алмаған елдер басқа алаңдарда экономикалық қысымдар мен санкциялар арқылы өз мақсаттарына жетуге тырысып жатыр. Әрине бұл елдер кесімді түрде сәтсіздікке ұшырайды",-деді.
Раиси: "Палестина шекарасында тұрып осы елдің халқына сәлем жолдаймыз. Палестина мен Сирия шәһидтері мен қарсыласу өзегінің ұлы шәһиді қажы Қасым Сүлейманиді еске алып, құрмет білдіреміз. Палестиналықтарға айтарымыз: Бүгінде Палестина қарсыласуы бұрынғыдан әлдеқайда жоғары орында тұр",-деді.
Раиси: "Бүгінде әлемдегі тепе-теңдік пен жаһандық жүйе қарсыласу өзегінің мүддесіне сай, ал үстемшілдер мен сионистік режимге зарарлы бағытқа өзгерді. Қазір палестиналықтардың күш-құдіретінің артқаны және сионистік режим мен оның қолдаушыларының әлсірегені өткен жылдармен салыстырғанда айқын байқалады",-деді.