Қазақстан Президенті Қытаймен жақсы қарым-қатынасты дамытуға ерекше тоқталды
(last modified Sat, 13 May 2023 10:40:25 GMT )
Maм 13, 2023 16:40 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президенті Қытаймен жақсы қарым-қатынасты дамытуға ерекше тоқталды

Орталық Азия мен Қытайдың жақындасып келе жатқанына әлем елдерінің алаңдаушылығына қатысты Қазақстан Президенті: «Қазақстан оңтүстіктегі көршісімен өте жақсы қарым-қатынас орнатуы керек», - деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бұған еш күмән болмауы керек, өйткені біздің ниетіміз толығымен ашық және адал. Өйткені Қытай әлемдегі екінші экономика, сондықтан біз Қытайдың рөлін мойындап, өте жақсы қарым-қатынаста болуымыз керек. Біз экономикалық ынтымақтастық саласында өте жақсы нәтижелерге қол жеткіздік, бірақ алға жылжу керек. Қытай өркениетінің бесігі саналатын Сиань қаласына алдағы сапарымды асыға күтетінім де сондықтан. Бізге жаңа келісімдер мен жаңа мәмілелер қажет деп есептеймін, өйткені біз нәтижені күтіп, жай ғана отыра бермеуіміз керек. Біз осы күрделі әлемде экономикалық қарым-қатынасымызды жақсартуға ұмтылуымыз керек»,- деп мәлімдеді.

Қазақстан Президенті Қытай мен Орталық Азия экономикалық тұрғыдан ғана емес, стратегиялық тұрғыдан да жақындасып келе жатқанын растады.

Тегтер