Қазақстан Қытайға 1 млн тонна астық экспорттайды
https://parstoday.ir/kz/news/kazakhstan-i69718-Қазақстан_Қытайға_1_млн_тонна_астық_экспорттайды
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі осы елдің Қытайға 1 млн тонна астық экспорттауға шешім қабылдағанын хабарлады.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 16, 2023 18:33 Asia/Almaty
  • Қазақстан Қытайға 1 млн тонна астық экспорттайды

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі осы елдің Қытайға 1 млн тонна астық экспорттауға шешім қабылдағанын хабарлады.

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі сейсенбі күні: "Қазақстан Қытайға астық экспорттау көлемін жылына 1 млн тоннаға арттыруға шешім қабылдады",-деп мәлімдеді.

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің Бейжіңде Қытайдың COFCO және CITIC компанияларының өкілдерімен өткен жиналысында осы тақырып талқыланды.  

Ербол Қарашөкеев Қытайдың ет ассоциациясының өкілдерімен жиналысында: "Қазақстан компаниялары мұздатылған ет (сиыр және қой еті) экспорттауды қайта бастауға үміттеніп отыр",-деп еске салды.