Қазақстан Қытайға мұнай экспортын арттырады
Қазақстан техникалық инфрақұрылымды дамытып, аяқтау арқылы Қытайға мұнай экспортын арттыруды жоспарлап отыр.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев: "Қазақстан мұнайының Қытайға транзитін ұлғайту үшін кейбір техникалық шараларды жүзеге асыру, соның ішінде Қоңқияқ-Атырау және Қоңқияқ-Құмқал мұнай құбырларын дамыту қажет. Бұл жобаларды «Қазтранс Ойл» компаниясы әзірлеп, жоспарлап отыр",- деді. Алмасадам Сатқалиевтің айтуынша, мұнай құбырларын игеру жұмыстары алдағы екі-үш жылда техникалық жағынан аяқталуы тиіс. Ол: " Қазіргі уақытта қытайлық серіктестер – Қытай ұлттық мұнай корпорациясымен (CNPC) келіссөздер белсенді жүргізілуде. Техникалық шаралар аяқталғаннан кейін Қытайға мұнай жеткізу көлемін арттыруға болады",- деп айтты.
Қазір Қытай мен Қазақстан арасында индустрияландыру және инвестиция саласында жалпы құны 21 миллиард доллардан асатын 52 бірлескен жоба жүзеге асырылуда.