Астана үкіметі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан шығуды жоспарлап отырған жоқ
Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары: "Қазақстан үкіметі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан шығу туралы қандай да бір шешім қабылдаған жоқ",-деді.
Қайрат Омаров Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымынан шығу ықтималы туралы: "Қазақстанның осы ұйымға мүшелігі туралы түрлі пікірлер бар. Бірақ осы күнге дейін бірде-бір ел ресми түрде бұл ұйымға мүшелікті тоқтатамыз деп хабарласқан емес",-деді.
Қайрат Омаров: "Сондықтан біз аталмыш ұйымның құрамында қандай да бір өзгеріс болады деп ойламаймыз. Мұндай ұйымның құрамында болу одан тыс болудан әлдеқайда жақсы",-деді.
Қайрат Омаров: "Қазақстанда мұндай жоспар жоқ екені анық. Біз бұл ұйымның негізі қаланған кезден бастап болдық. Оған мүше болу біздің мүддемізге сай деп есептейміз",-деді.