Еуропалық Одақ  Астананың ең ірі сауда серіктесі
https://parstoday.ir/kz/news/kazakhstan-i74496
Қазақстан Премьер-Министрі: «Қазіргі уақытта Еуропалық Одақ 175 миллиард доллар инвестициямен осы елдің ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі болып табылады»,- деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 16, 2023 18:43 Asia/Almaty
  • Еуропалық Одақ  Астананың ең ірі сауда серіктесі

Қазақстан Премьер-Министрі: «Қазіргі уақытта Еуропалық Одақ 175 миллиард доллар инвестициямен осы елдің ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі болып табылады»,- деді.

 

 

 

Астанада Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы диалог алаңының 13-ші отырысы өтті. Қазақстан Премьер-Министрі өз сөзінде: «Бүгінгі таңда Еуропалық Одақ Қазақстанның ірі сауда және инвестициялық серіктесі болып табылады. Еуропалық инвестицияның жалпы көлемі 175 миллиард доллардан асты, атап айтқанда, 6 айда ЕО елдері Қазақстан экономикасына 5,2 миллиард доллар инвестициялады. Қазақстанның сыртқы саудасындағы ЕО үлесі шамамен 30% құрайды. 10 айдың ішінде бизнес айналымымыз 34 миллиард доллардан асты. Бұл сандар біздің коммерциялық және экономикалық ынтымақтастықты арттыру жолындағы үздіксіз жолымызды көрсетеді»,- деп мәлімдеді.