Қазақстан президенті  Раисиге және Иран халқына көңіл айтты
(last modified Sat, 06 Jan 2024 13:17:55 GMT )
Қаң 06, 2024 19:17 Asia/Almaty
  • Қазақстан президенті  Раисиге және Иран халқына көңіл айтты

Кермандағы лаңкестік оқиғадан кейін Қазақстан президенті ирандық әріптесіне жолдауында Иран халқы мен қаза тапқандардың отбасыларына  көңіл айтты.

ISNA агенттігінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Республикасының президенті Ибрахим Раисиге жолдауында былай деді: "Осы орны толмас қазалардың қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының атынан және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ Иран халқына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Осы лаңкестік жарылыстар туралы хабарды қабылдау өте қайғылы және лаңкестік әрекеттен зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейміз".

БАҚ  кеше ДАИШ лаңкестік тобы Кермандағы сәрсенбі күні болған лаңкестік жарылыстар үшін жауапкершілікті өз мойнына алғанын хабарлады.

 

Тегтер