Қазақстанда 4 жаңа әуежай салынады
(last modified Sun, 28 Jan 2024 11:31:02 GMT )
Қаң 28, 2024 17:31 Asia/Almaty
  • Қазақстанда 4 жаңа әуежай салынады

Қазақстанның Көлік және тасымал министрлігі 4 жаңа әуежай салып, басқа 2 әуежайды жөндеуден өткізуді қарастырып жатыр.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 2024 жылы 24 қаңтарда Қазақстанның Көлік және коммуникация министрі Марат Қарабаев елде шағын авиацияны дамыту туралы жиналыс өткізді. Бұл жиналысқа Абай, Ұлытау, Жетісу, ШҚО, Қарағанды мен Қостанай облыстары әкімшіліктерінің өкілдері, "Жетісу" және "Оңтүстік аспаны" әуе компаниялары, сондай-ақ Үшарал, Ұржар және Зайсан әуежайларының өкілдері қатысты. Ұржар, Үшарал, Зайсан, Қатон-Қарағай, Қарқаралы, Ұлытау мен Арқалық қалаларында әуежайларды жөндеуден өткізіп, шағын авиацияны дамыту көзделіп отыр.  

Қазақстанда 3 әуежайды шетелдік инвесторлардың басқаруына беру туралы келіссөздер жүріп жатыр.  

Астана үкіметі елдің әуежайларын жаңарту үшін 2 млрд 400 млн доллар жеке инвестиция, соның ішінде шетелден инвестиция тартпақшы.